Қазақша Русский

Қазақстанда PIAAC ересектердің құзыреттіліктерінің халықаралық зерттеуі

Бұл 16 және 65 жас аралығындағы ересек адамдардың негізгі құзыреттілігі мен дағдыларын зерттейтін бірегей жоба

Қазақстанда PIAAC ересектердің дағдыларын халықаралық зерттеуінің (ЭЫДҰ) бірінші кезеңі басталды

PIAAC - бұл 16-дан 65 дейінгі жастағы ересектердің математикалық, оқу және компьютерлік сауаттылық деңгейін (базалық құзыреттерді) кең ауқымды зерттеуі. Респонденттер компьютерлік форматтағы және қағаз форматтағы зерттеуге қатыса алады.

Зерттеудің бірінші кезеңіне (тамыз-қыркүйек, 2017) Астана қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының ересек халқы қатысады.

Негізгі зерттеудің екінші кезеңі 2018 жылы (қаңтар-сәуір) өтеді. Оған Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары қатысады.

Барлығы зерттеуге 6000 кем емес адам қатысады, олар Қазақстанның атынан негізгі әлеуметтік-демографиялық сипаттар (жынысы, жасы, білімі, еңбек мәртебесі және тұрғылықты орны) тұрғысында пропорционалды өкілдік етеді.

PIAAC жобасын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) үйлестіреді. PIAAC-тың Қазақстандағы Ұлттық үйлестірушісі ҚР БҒМ "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ болып табылады.

Қазақстанның PIAAC зерттеуіне қатысуы:

37 мемлекеттің, соның ішінде ЭЫДҰ 28 елінің PIAAC зерттеуіне қатысу нәтижелері 2019 жылы жарияланады.

PIAAC негізгі зерттеуінің бірінші кезеңін өткізу жөніндегі семинар тренинг


2017 жылғы 24-28 шілдеде «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ (АТО) Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаменті «FILOsoftica» әлеуметтік агенттігімен бірлесіп, PIAAC негізгі зерттеуінің бірінші кезеңін өткізу әдістемесі бойынша оқыту семинар-тренингін өткізді. Оған Қазақстанның 12 өңірінен келген супервайзерлер және интервьюерлер қатысты.

Тренингке қатысушылар PIAAC интервьюері жұмысының әдістемесімен танысты, респондентпен байланыс орнату және өзара әрекеттесу технологияларына үйренді.

Тәжірибелік сабақтар барысында интервьюерлер және супервайзерлер респонденттерді іріктеуге және сұхбат өткізуге арналған компьютерлік бағдарламаларды пайдалану дағдыларын пысықтады.